Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Опубликовано:

Түркияда жер сілкінісі болған аймақтардың бірі
Түркияда жер сілкінісі болған аймақтардың бірі. Фото: Anadolu Agency / Contributor/ Getty Images

Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны артуда. Бұл туралы екі ел билігі хабарлады, деп жазады Deutsche Welle.

Кеше, 22 ақпанда Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу 6 ақпанда Сириямен шекаралас аумақта болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 556 адамға жеткенін мәлімдеді.

Ал Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесі (SOHR) елде зілзаладан көз жұмғандар саны 6747 адамға жеткенін жариялады. Оның ішінде 2226 адам үкімет бақылауындағы аудандарда қайтыс болса, 4521-і көтерілісшілер бақылауындағы Сирияның солтүстіс-батыс аудандарында қаза тапқан.

Осы орайда ондаған мың адамның жарақаттанып, ауруханада жатқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ көптеген адам күн суықта баспанасыз қалып, гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, апат салдарынан зардап шеккендер саны 23 миллионға дейін жеткен. Табиғи апаттар бойынша мамандар жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард АҚШ долларынан астам (8 трлн 985 млрд теңге) деп бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010494-turkiya-men-siriyada-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-50-mynnan-asty/

pixel