jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияда жер сілкінісінен кейін 340 адам қамауға алынды

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда елдің оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен кейін жаппай қамауға алу жұмыстары басталды. Олардың кейбірі мародерлік пен алаяқтық жасады деп күдіктелсе, енді біріне құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды TRT Haber.

Телеарнаның хабарлауынша, Бас прокуратура елдің 11 провинциясында құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеді деген айыппен 564 күдіктіні анықтаған. Осылайша олардың 160-ы қамауға алынса, 175-іне сот бақылау орнатқан.

Бұдан бөлек 71 күдіктіге тұтқындау және тағы 61 күдіктіге қамауға алу туралы ордерлер берілген. Сондай-ақ тағы алты адамның шетелде екендігі анықталды.

Сол сияқты аталған істе күдікті деп танылған 11 адам қайтыс болғаны белгілі болды.

Түрік полициясы, сонымен бірге жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы ұрлық, тонау және алаяқтық фактілерін де тексеріп жатыр әрі ол бойынша күдікті ретінде 282 адам танылып, олардың 181-і қамауға алынған.

Айта кетейік, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан қайтыс болғандар саны 50 мыңнан асып кетті.

Сондай-ақ, 23 ақпан күні, таңертең жер сілкінісі Тәжікстанда магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды.

Аталған жер сілкінісін Алматы тұрғындары да сезген еді.

Түркияда жер сілкінісінен кейін 340 адам қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.