Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Түркияның табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы елде ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артқанын хабарлады.
Anadolu агенттігінің жазуынша, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 45 089 адамға жеткен.
Бірінші жер асты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок (жер сілкінісі кезінде күшті дүмпулерден кейін пайда болатын сейсмикалық тербеліс (дүмпуі) - мұндай анықтаманы техникалық аудармашы нұсқаулығына сілтеме жасай отырып, Academic.ru сайты береді) тіркелген.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Сирияда зілзаладан кейін көз жұмғандар саны 6747-ге жетті: 2226 адам үкімет бақылауындағы аймақта, 4521 адам көтерілісшілер бақылауындағы Сирияның солтүстік-батыс өңірлерінде мерт болған.
Сонымен қатар тағы ондаған мың адамның ауруханада жатқаны, көптеген адамның баспанасыз қалып, гуманитарлық көмекке мұқтаж екені хабарланды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, табиғи апат салдарынан 23 млн адам зардап шеккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011270-turkiyada-zoiqyn-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-45-mynnan-asty/