jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

Грекияда соқтығысқан пойыздар
Грекияда соқтығысқан пойыздар. Фото: STRINGER/SOOC/AFP via Getty Images

Грекия тарихындағы ең ірі теміржол апатынан көз жұмғандар саны 57-ге жетті, бұл сан әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Лариса маңында жүк пойызымен соқтығысқан Афины-Салоники пойызы жолаушыларының көптеген туыстары әлі күнге дейін жақындарының тағдырынан хабарсыз.

Құтқарушылар майысқан, сынған металдар арасынан жолаушыларды іздеуді жалғастыруда. AFР-тің өрт сөндірушілерге сілтеме жасап хабарлауынша, пойыздың мейрамхана вагоны пойыздар соқтығысқаннан кейін бірден өртеніп кеткен, ондағы температура 1300°С дейін жеткен болуы мүмкін.

Елдің түкпір-түкпірінде донор болғысы келетіндер қан құю пункттерінде ұзын-сонар кезекке тұрған.

Грекияның Қызыл Ай өкілдерінің айтуынша, бірінші күні-ақ олардың қызметкерлері қан құйылған 270 контейнер жинаған.

Зардап шеккендердің жасы – 21-26 жас аралығындағы жолаушылар. Олар Лариса мен Салоник ауруханаларына жеткізілген. "Прото Тема" басылымы 48 адам жараланғанын, олардың алтауы қарқынды терапия бөлімінде жатқанын жазды.

Трагедия Грекия қоғамы үшін ауыр соққы болды. Елде қарсылық шаралары өтіп жатыр. Теміржол қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұрыннан келе жатқан мәселелер бар екенін айтып ереуілге шыққан.

Еске салсақ, бұған дейін 1 наурызға қараған түнде Грекияның Темпи қаласында қайғылы оқиға болып, жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысқаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны айтылған еді.

Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.