БҰҰ: Түркиядағы жер сілкінісінен келген шығын көлемі 100 млрд доллардан асуы мүмкін
Опубликовано:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Түркиядағы тұрақты өкілі Луиза Винтон Түркияға жер сілкіністерінен келген экономикалық шығынының болжалды көлемін жариялады, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Луиза Винтон апат аймағының 2,7 миллион тұрғыны қоныс аударуға мәжбүр болғанын атап өтті. БҰҰ есебінше, 600 мыңға жуық ғимарат қираған.
"Бүгінгі күні үкімет ұсынған және халықаралық серіктестер қолдаған шығын көлемі 100 миллиард доллардан асады деген болжам бар", - деді Винтон.
Еске сала кетсек, Түркияда ақпанда болған жер сілкіністері салдарынан қаза тапқанар саны артқаны белгілі болды. Ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның хабарлауынша, зілзала салдарынан 46 104 адам көз жұмған.
- Дәрігер: Зілзала аймағында техника мен жылаған адамдардың даусы қатар шығып жатты
- СІМ Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық қыз елге оралғанын айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2012114-buu-turkiyadagy-zer-silkinisinen-kelgen-sygyn-kolemi-100-mlrd-dollardan-asuy-mumkin/