jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазан қаласында мектепте оқ атқан 21 жастағы жігіт өмір бойына сотталды

Ильназ Галявиев
Ильназ Галявиевтің 2021 жылы түсірілген суреті. Фото: Natalia Kolesnikova/AFP via Getty Images

Қазан мектебінде оқ атып, балалар мен мұғалімдерді өлтірген Ильназ Галявиев жаппай кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігінің Telegram арнасы.

"Ильназ Галявиев Қазан гимназиясында жасаған қанды қырғын үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады басылым тілшілері.

Еске салайық, 2021 жылдың 11 мамырында Қазан қаласындағы (Татарстан Республикасы, Ресей) №175 гимназияда оқ атылған болатын. Тоғыз адам қаза тапты, оның жетеуі бала, 23 адам жарақат алды.

Оқ атқан 19 жастағы сол мектептің түлегі Ильназ Галявиев болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында атыс ұйымдастырған Галявиев 2021 жылдың сәуір айында колледжден шығарылғаны, сол кезде оның төртінші курста оқығаны туралы ақпарат пайда болды. Білім беру мекемесінде оған жанжал шығармайтын, тыныш студент болғаны жайлы мінездеме берген.

Биыл наурыз айының соңында прокуратура 21 жастағы Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Мемлекеттік айыптаушы оны бес жыл түрмеде, одан кейін ерекше режимдегі түзеу колониясында өткізу керек деп есептеді.

Қазан қаласында мектепте оқ атқан 21 жастағы жігіт өмір бойына сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.