Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфирде өзін нашар сезінген Ердоған сұхбатты тоқтатуға мәжбүр болды (видео)

Опубликовано:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Telegram/БОРТN1

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның тікелей эфирдегі сұхбаты кенет үзілді. Оның сөзінше, ол асқазан тұмауынан өзін нашар сезінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Ердоғанның сайлау алдындағы тығыз жұмыс кестесіне байланысты сұхбат кешкі уақытта кеш басталған. Алайда журналист болашақ министрлер кабинетіндегі өзгерістер туралы сұрақ қоя бастаған сәтте тікелей эфир кенет үзілді. Ұзақ үзіліс көрермендердің ойландырып қойған.

Әлеуметтік желіде тікелей эфир үзілген сәтте түсірілген кадрлар пайда болды. Видеодан жөтелген дауыс естіледі және БАҚ-тың жазуынша, "О, Құдайым!" деген сөздер айтылған.

Біраз үзілістен кейін президент тікелей эфирге қайта қосылған, бірақ модератордың екі қысқа сұрағынан кейін хабар аяқталды. Осы ретте Ердоған эфирді жалғастыра алмағаны үшін Түркия азаматтарынан кешірім сұраған.

"Біріншіден, сіздерге денсаулық тілеймін. Кеше және бүгін сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүрді. Сондықтан асқазан тұмауын жұқтырып алдым.

Тіпті "Бағдарламаны өткізбеу керек пе?" деп те ойладым. Бірақ біз уәде берген соң келдік. Сіздерден және көрермендерімізден кешірім сұраймын", – деп жазады басылым Ердоғанның сөзін келтіріп.

Кейін президенттің ресми өкілі Ибрахим Калын Twitter-де Ердоғанның денсаулығы жақсы екенін айтты.

"Президентіміздің денсаулығы Аллаға шүкір, жақсы", - деп жазды Калын.

Еске салайық, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2018286-tikelei-efirde-ozin-nasar-sezingen-erdogan-suxbatty-toqtatuga-mazbur-boldy-video/

pixel