Израильде ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 1200-ден асты
Жарияланған күні:
Читать на русскомИзраиль-Палестина қақтығысы салдарынан қаза тапқан израильдіктердің саны 1200-ден асты, деп хабарлайды The Times of Israel.
Басылымның әскерилерге сілтеме жасап хабарлауынша, сәрсенбі, 11 қазанда таңертең Израильде қаза тапқандар саны 1200 адамнан асқан.
"Палестиналық ХАМАС тобының сенбі күні Израильге жасаған соққысынан қаза тапқандар саны өсуде, сәрсенбі күні таңертеңгі мәлімет бойынша 1200-ден асты", - деп жазды басылым.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін шабуылдан 2901 адамның жараланғанын, 500-ден астам адамның әлі де ауруханада жатқанын, оның ішінде 26-сының жағдайы ауыр, ал 340 адам ауыр халде екенін хабарлаған еді.
Израильдегі жағдай
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.
Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.
Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.
8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.
Оған қоса бұған дейін Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өткен болатын. Алайда Қауіпсіздік кеңестің мүшелері ешқандай мәлімдеме жасай алмаған.
Израиль қорғаныс министрі Газа секторын толығымен қоршауға бұйрық берді.
Кейін Израиль әскерилері Палестина автономиясында орналасқан Наблус қаласының аумағына басып кірді.
Кеше Палестинада Израиль армиясының қауіпті улы зат болып табылатын ақ фосфоры бар оқ-дәрілерді қолданатынын хабарлады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ал Израильден шыққан репатриациялық рейс кеше түнде Қазақстанға оралды. Алматыға 166 жолаушы келді, олардың көбі - Қазақстан Республикасының азаматтары.
Сонымен қатар Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галант кеше елдің армиясы Газа секторына "толық ауқымды шабуыл" бастайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040485-izrailde-xamas-sabuylynan-qaza-tapqandar-sany-1200-den-asty/