Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Газа секторы мен Израильде көз жұмғандар саны шамамен 3 мыңға, ал жарақат алғандар саны 10 мыңға жетті

Опубликовано:

Газадағы қираған ғимарат
Газа. Фото: Ashraf Amra / Anadolu via Getty Images

Газа секторында 1400-ден астам адам қаза тауып, алты мыңнан астам азамат жарақат алған. Израильде 1300 адам қарулы қақтығыстың құрбаны болды, үш мыңнан астам адам жарақаттанған.

CBS News басылымының палестиналық ХАМАС тобының бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Газа секторында қаза тапқандар саны 1417-ге жеткен, оның ішінде 447-сі балалар. 6268 адам жарақат алған.

Сондай-ақ The Times of Israel басылымы мәліметінше, соғыс басталғалы қаза тапқан израиль азаматтарының саны 1300-ге жеткен. Ал 3300-ге жуық адам жарақат алған. Кепілге алынып, Газа секторына жеткізілген 150-ге жуық адамның тағдыры белгісіз.

Израильдегі жағдай

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Оған қоса бұған дейін Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өткен болатын. Алайда Қауіпсіздік кеңестің мүшелері ешқандай мәлімдеме жасай алмаған.

Израиль қорғаныс министрі Газа секторын толығымен қоршауға бұйрық берді.

Кейін Израиль әскерилері Палестина автономиясында орналасқан Наблус қаласының аумағына басып кірді.

Кеше Палестинада Израиль армиясының қауіпті улы зат болып табылатын ақ фосфоры бар оқ-дәрілерді қолданатынын хабарлады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ал Израильден шыққан репатриациялық рейс кеше түнде Қазақстанға оралды. Алматыға 166 жолаушы келді, олардың көбі - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Сонымен қатар Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант 10 қазан күні елдің армиясы Газа секторына "толық ауқымды шабуыл" бастайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040794-gaza-sektory-men-izrailde-koz-zumgandardyn-sany-us-mynga-zuyq-al-zaraqat-algandar-10-mynga-samalas/

pixel