jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Байден Израильге барды

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Brendan Smialowski/AFP via Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Израильге барды. Осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Джо Байденнің Израильге баратынын мәлімдеген еді, деп хабарлайды CNN арнасы.

АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Тель-Авив қаласына барды.

Америка Құрама Штаттары президентінің сапары Газа секторындағы ауруханада болған жарылыстан кейінгі наразылықтарға байланысты ұйымдастырылған.

"Байден сапарында ХАМАС-ты жоюға тырысатын Израильге қолдау көрсетуге тырысады. Сонымен қатар Газа секторындағы гуманитарлық азапты жеңілдету жолдарын іздейді", - деп жазды басылым авторлары.

CNN хабарлауынша, Байден екіжақты кездесу аясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен келіссөздер өткізеді. Кездесуге АҚШ-тың ресми өкілдері мен Израильдің әскери кабинеті қатысады.

Свежая публикация по теме:
Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты
Байден Израильге барды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram