jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Израильде қазақстандыққа оқ тигені рас па: СІМ жауап берді

Айбек Смадияров
Айбек Смадияров. Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін, 16 қазанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның брифингінде Израильде қақтығыс салдарынан Қазақстан азаматы зардап шеккені туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияров бұған дейін әлеуметтік желіде Израильдегі атыс кезінде бір Қазақстан азаматы зардап шекті деген ақпарат тарағанын атап өтті.

"Бұл шындыққа жанаспайды, Израиль тарапы қателік жібергені үшін кешірім сұрады. Бізде мұндай дерек жоқ", – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СІМ Израильде Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Израильдегі жағдай

7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Тель-Авивке ұшты. Сол күні түнде 124 қазақстандық арнайы рейспен елге оралды.

Израильде қазақстандыққа оқ тигені рас па: СІМ жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.