Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль ХАМАС-пен соғысты тоқтатудың шарттарын атады

Опубликовано:

Газа секторы
Газа секторы. Оқиға орны. Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu via Getty Images

Израильдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гилад Эрдан Израиль мен ХАМАС тобы арасындағы соғыс қандай жағдайда аяқталуы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген Гилад Эрдан шабуылдаушылар қаруларын тастап, кепілге алынғандарды босатып, берілген жағдайда соғыс аяқталуы мүмкін екенін айтты.

"Неге ХАМАС-ты бұған шақырмайсыз? Неліктен бұл құжаттың біл бөлігі ретінде қаралмайды?" -деді ол.

Сондай-ақ Израильдің тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесінен ХАМАС-ты террористік ұйым деп жариялауға және Израильді сөзбен емес, іспен қолдауға шақырды.

Сонымен қатар Гилад Эрдан қазіргі қақтығыста БҰҰ-ның кейбір қарарларында Палестина жағын қолдаған ұйымның қателіктерін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық Газа секторына миллиардтаған доллар жіберген.

Израильдегі жағдай

7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Тель-Авивке ұшты. Сол күні түнде 124 қазақстандық арнайы рейспен елге оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2041294-izrail-xamas-pen-sogysty-toqtatudyn-sarttaryn-atady/

pixel