Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда биылғы Жаңа жылды тойлауға тыйым салынды

Опубликовано:

Пәкістан туы
Пәкістан туы. Фото: pixabay.com

Пәкістан билігі палестиналықтармен қиын-қыстау кезеңде бірге екенінің белгісі ретінде Жаңа жылды тойлауға тыйым салды. Бұл туралы елдің уақытша премьер-министрі Анваар-ул-Хак Какар мәлімдеді.

Саясаткер бейсенбіде Жаңа жылға байланысты барлық мерекеге бүкіл елде тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті Geo басылымы.

Какардың айтуынша, мұндай шешім Пәкістанның палестиналықтармен ынтымақтасуымен байланысты, саясаткер оларды Израильдің қатыгездігіне тап болды деп мәлімдеді.

"Пәкістан халқы қайғылы жағдайда, сондықтан қазіргі жағдайды ескере отырып, Пәкістан үкіметі Жаңа жылға байланысты барлық мерекеге тыйым салу туралы шешім қабылдады", - деді премьер.

Шенеунік пәкістандықтарды 2024 жылдың алғашқы таңын ас та төк тойламай қарсы алуға шақырды.

Таяу шығыстағы шиеленіс

7 қазан әлемді екіге бөлген оқиға болды: бірқатар елде террористік деп танылған ХАМАС қозғалысы Израильге шабуыл жасады. Электронды музыка фестиваліне келушілер олардың бірінші нысаны болды. Мұнда 260-қа жуық адам қаза болды. Көпшілігі шетел азаматы екені айтылды. Шабуылдаушылар оларды ұстап, кейбірін оқиға орнында өлтіріп, кейбірін Газа секторына ұрлап әкетті.

Бұдан кейін шабуылдаушылар Израильдің шағын елді мекендерінің тұрғындарын өлтіріп, кейбірін кепілге алды. Желіде шабуылдаушылар түсірген суреттер мен видеолар тарады. Тұтқиылдан жасалған шабуылды Израиль билігі бірден "соғыс" деп атады. Бірден қарсы шаралар қабылданып, Цахал іске кірісті: қос тараптан бомбалау басталды. Салдарынан, кейінгі мәліметтер бойынша, Газа секторында 20 мыңға жуық адам қаза болғаны және 50 мыңға жуық адам зардап шеккені хабарланды.

Цахал мәліметінше, қаза болған израильдік сарбаздар саны 500-ге жуықтады. ХАМАС-қа ойыссақ, мұнда қаза болғандар саны жөнінде ақпарат құпия. Алайда Цахал өкілдері қозғалыстың кейбір басшыларының көзі жойылғанын мәлімдеген. Қарашаның аяғында Израиль билігі мен ХАМАС бес күндік бітім жариялап, бірқатар тұтқын алмасқан. Кейін соғыс қимылдары жалғасты. Бүгінде Израиль кепілге алынғандарды босатып алу үшін тағы да бітімге келу шарттарын ұсынып, қарсы тарап өкілдері әзірше уәж айтқан жоқ.

Еуропа елдері Израиль билігін жақтағанымен, әлем елдерінде палестиналықтарды қолдау акциялары жиіледі. Ең ірі шеру Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та және Түркияда өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053205-pakistanda-biylgy-zana-zyldy-toilauga-tyiym-salyndy/

pixel