Ким Чен Ын: КХДР Оңтүстік Кореяны жаулап алуға дайын болуға тиіс
Жарияланған күні:
Ким Чен Ын КХДР Еңбек партиясы орталық комитеті пленарлық отырысында қорытынды сөз сөйлеп, ел армиясы Оңтүстік Кореяның бүкіл аумағын жаулап алуға үздіксіз дайындалуы керек деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, тараптар арасында ядролық қақтығыс туындаған жағдайда, армия барлық құралды, соның ішінде ядролық құралды жұмылдыруға дайын болуы керек, деп хабарлайды РИА Новости.
"Корея Халық армиясы ядролық дағдарыс жағдайында барлық физикалық құрал мен күшті, соның ішінде ядролық қарулы күштерді жедел әрекет ету және жұмылдыру арқылы Оңтүстік Кореяның бүкіл аумағын жаулап алу үшін үлкен оқиғаға дайындалуға үздіксіз серпін беруі керек", - деді Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея лидерінің айтуынша, КХДР қорғаныс қабілетін дамытуды жалғастыруы керек. Өз сөзінде Ким Чен Ын зымырандарды әзірлеу және өндіру саласындағы негізгі мақсаттар мен жауынгерлік міндеттерді жариялады.
Бұған дейін Кореяның Орталық телеграф агенттігі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 2024 жылға арналған жоспарлар бойынша бірқатар тапсырма бергенін және ел армиясына соғысқа дайындалуды тапсырғанын хабарлаған. Ал былтырғы қыркүйекте Солтүстік Корея билігі елді ядролық мемлекет деп жарияланған заң қабылдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053507-kim-cen-yn-kxdr-ontustik-koreyany-zaulap-aluga-daiyn-boluga-tiis/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.