Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея өзін ядролық держава деп жариялады

Опубликовано:

Ким Чен Ын
Ким Чен Ын. Фото: The Asahi Shimbun via Getty

Солтүстік Корея билігі елді ядролық мемлекет деп жарияланған заң қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл шешімді "қайтарымсыз" деп атады және ядролық қарусыздандыру бойынша кез келген келіссөздер мүмкіндігін жоққа шығарды.

Қабылданған заңда елдің өз қорғанысы үшін алдын ала ядролық соққыны қолдану құқығы да бекітілгені атап өтілді.

Батыстың қатаң санкцияларына қарамастан, Пхеньян 2006-2017 жылдар аралығында алты ядролық сынақ өткізді деп жазады басылым.

Бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 1950-1953 жылдардағы Корей соғысындағы бітімгершілік келісімінің 69 жылдығына арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде Оңтүстік Кореяны жойып жіберетінін айтып, сондай-ақ соғысқа дайын екенін мәлімдеген болатын. АҚШ-пен күресуге де дайын екенін жариялады.

Солтүстік Корея өкілдері БҰҰ-ның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) арналған конференциясында ешкімнің Пхеньянды ядролық қаруға ие деп айыптауға құқығы жоғын, себебі, бұл ел Шартқа қатысушы емес екенін айтқан болатын.

Мамыр айында БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхиты бойынша көмекшісі Халед Хиари Солтүстік Кореядағы 2018 жылы жабылған Пунгери ядролық сынақ полигонында құрылыс жұмыстарының қайта жанданғаны туралы дәлелдер барын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987020-soltustik-koreya-ozin-yadrolyq-derzava-dep-zariyalady/

pixel