Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Жапониядағы жойқын зілзала: егде жастағы әйел үйінді астында үш тәулік жатқан

Опубликовано:

Жапониядағы зілзаладан кейін құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жапониядағы зілзаладан кейін құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Фото: Kyodo News via Getty Images

Жапонияда зілзала болғаннан кейін құтқарушылар егде жастағы әйелді үйінді астынан үш күннен кейін шығарып алды. Оны құтқару сәті түсірілген кадрлар NHK мемлекеттік агенттігі тікелей эфирден көрсетті.

Құтқарушылар әжейді Вадзим қаласында үйінді астынан тапқан.

Көптеген адам, негізінен Сузу мен Ваджима қалаларында, әлі күнге дейін үйінді астында қалып отыр. Құтқарылған әйел де жер сілкінісі болған сәттен бастап үйдің бірінші қабатындағы қоқыстардың астында болған.

Әжей 72 сағатқа созылған құтқару мүмкіндігі уақыты аяқталғаннан кейін табылған. Себебі әдетте осынша уақыт өткенде адамдарды тірідей табу мүмкіндігі күрт төмендейді.

Жапония премьері Фумио Кисида бейсенбідегі мәлімдемесінде үйінді астынан 150 адам шығарылғанын мәлімдеді, алайда барынша көп адамның өмірін аман алып қалу үшін құтқару жұмыстары тоқтамаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, эпицентрі Ното түбегінде орналасқан 7,6 баллдық жер сілкінісі кем дегенде 82 адамның өмірін қиған. Сондай-ақ тағы 330-дан астам адам жарақат алған. Қираған аудандарда 30 мыңнан астам адам әлі де арнайы жабдықталған баспаналарда күнелтуге мәжбүр, ал кейбір қалаларда су, электр және интернет үзіліспен беріліп жатыр.

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар ірі жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі болды.

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида баспасөз мәслихатында Исикава префектурасындағы бірқатар күшті жер сілкінісінен 78 адам қайтыс болғаны растаған. Сондай-ақ 29 адам ауыр жарақаттанып, тағы 231 адам жеңіл жарақат алған.

Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қазасына байланысты көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054118-zaponiyadagy-zoiqyn-zilzala-egde-zastagy-aiel-uiindi-astynda-us-taulik-zatqan/

pixel