jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жапонияда зілзаладан қаза болғандар саны 200-ден асты

Жапонияда жер сілкінісі болған қала
Жапонияда жер сілкінісі болған қала. Фото: Kyodo News via Getty Images

Жапонияда 2024 жылдың 1 қаңтарында болған жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар саны өсіп жатыр. Қазіргі уақытта 200-ден астам адам қаза болғаны расталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған ақпарат агенттігінің хабарына сенсек, Жапонияда Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 213-ке дейін өскен.

Оның үстіне тағы 567 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, ал 52 адам байланысқа әлі күнге шықпаған.

Жапониядағы жойқын зілзала

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі жарияланды. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Осака, Киото және Токиода қатты сезілді. Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апаттан 161 адам қаза болған.

Жер сілкінісінің ауыр зардаптарына және көптеген қаза тапқандар мен зардап шеккендерге байланысты АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияға көмек ұсынды.

3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам шығынына байланысты көңіл айтты.

Жапонияда зілзаладан қаза болғандар саны 200-ден асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.