jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ыстамбұлдағы шіркеуге шабуыл: Ресей мен Тәжікстан азаматтары ұсталды

Оқиға орны
Стамбұл. Полицейлер. Фото: Sercan Ozkurnazli/ dia images via Getty Image

Түркияның ішкі істер министрі Ыстамбұлдағы католик шіркеуіне жасалған шабуылға қатысты 47 адам ұсталғанын хабарлады. Ұсталғандар арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Әли Ерлікаяның сөзіне сілтеме жасаған басылым өкілдерінің жазуынша, шіркеуге жасалған шабуылдың басты күдіктілері - Ресей мен Тәжікстан азаматтары. Бұл іске қатысы бар 47 адам ұсталды.

Расталмаған мәліметтер бойынша, шіркеуге жасалған шабуылды "Ислам мемлекеті" террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) өз мойнына алған. Шабуыл жасады деген екі күдікті жексенбіде кешке ұсталды.

"Шіркеуге жасалған шабуылдан кейін бірден полиция кең ауқымды операция бастады. Жексенбіде 30 мекенжайда 47 адам ұсталды," - деді Ерлікая брифингте.

Оның айтуынша, күдіктілер жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де ұсталған. Олардың бірі Тәжікстан азаматы, екіншісі Ресей азаматы болып шықты.

"Бұл екі шетелдік "Ислам мемлекеті" мүшелері болуы мүмкін", - деді министр.

Ұсталғандардан жауап алу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бір күн бұрын жексенбіде Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуінде бетперде таққан белгісіз екі адам ер адамды атып өлтіргені хабарланған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.