Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кремльде мәлімет жоқ": Песков Навальныйдың денесін туыстарына беруге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Алексей Навальный
Алексей Навальный. Фото: Matthew Chattle/Future Publishing via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің Алексей Навальныйдың денесін туыстарына беру туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дмитрий Песков журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Кремльде Алексей Навальныйдың денесін қажетті процедуралардан кейін отбасына беруге болатыны туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

"Бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Біз бұл іспен айналыспаймыз. Бұл Президент әкімшілігінің функциялары емес", - деді Ресей федерациясы президентінің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін медицина мамандары Ресей билігі Алексей Навальныйдың денесіне аутопсия өткізуді неғұрлым ұзаққа созып жіберсе, өлім себебін анықтау соншалықты күрделі болады деп мәлімдеген.

Айта кетейік, Алексей Навальный 16 ақпанда колонияда қайтыс болған еді.

Кейін Кремль Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін саясаткердің өліміне әлем реакциясы қандай болғанын да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2061780-kremlde-malimet-zoq-peskov-navalnyidyn-denesin-tuystaryna-beruge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel