Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин жолдауында "ядро қаруын қолдану және өркениетті жою" туралы айтты

Жарияланған күні:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиналысқа жолдауын жариялау кезінде ядролық қаруды қолданудан қақтығыс қаупі туатынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин 29 ақпанда федералдық жиналысқа жолдауын жасады.

"Батыс ойластырып отырғанның бәрі ядролық қаруды қолдану арқылы қақтығысқа, яғни өркениеттің жойылуына қауіп төндіреді", - деді ол.

Айта кетейік, 16 ақпанда Ақ үй Ресейдің ғарыштағы спутниктерге қарсы жасаған қаруынан ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнгенін мәлімдеді. Бұл туралы жақында АҚШ заңгерлері айтқан болатын. Президент Джо Байден осы мәселе бойынша Мәскеумен байланыс орнатуды бұйырды.

"Бұған Ресей әзірлеп жатқан жерсерікке қарсы потенциал себеп. Біріншіден, бұл белсенді потенциал емес. Ресейдің осы ерекше потенциалды құруға деген ұмтылысы уайым тұғызғанымен, ешкімнің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Ақ үйдегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте.

Оның айтуынша, сөз Жердегі адамдарға немесе объектілерге шабуыл жасау үшін қолданылатын қару турасында болып тұрған жоқ, бірақ Вашингтон Ресейдің әрекетін мұқият қадағалап отыр.

Ол ғарышқа қару-жарақ орналастыруды халықаралық құқық пен 130-дан астам мемлекет, соның ішінде Ресей қол қойған шартты бұзу деп атады.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ғарыштағы ресейлік қару туралы жарияланымдарға түсініктеме бере алмайтынын айтты.

"Мен бұған ешқандай түсініктеме бере алмаймын. [...] Бірақ, анығы, Ақ үй Конгрессті [Украинаға] ақша бөлу туралы заң жобасына дауыс беруге итермелеуге тырысып отыр, бұл анық. Ақ үйдің қандай айла-шарғы жасайтынын көре жатармыз", - деді Песков журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063774-putin-zoldauynda-yadro-qaruyn-qoldanu-zane-orkenietti-zoyu-turaly-aitty/