jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Францияда түсік жасату құқығы конституцияда бекітілді

Франция туы
Франция туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Франция түсік жасату құқығын конституциямен бекіткен әлемдегі бірінші ел болды. 4 наурызда мемлекеттің негізгі заңына тиісті түзетулер енгізілді.

Версаль сарайында өткен парламенттің бірлескен отырысында депутаттар президент Эмманюэль Макронның елдің бас заңына түсік жасатуға "кепілдендірілген еркіндік" енгізу туралы бастамасын мақұлдады, деп жазады Euronews.

Бұл ұсынысты бұған дейін Франция сенаты да қолдаған. Дауыс беруге қатысқан 317 сенатордың 267-сі қолдап, 50-і қарсы болды.

Басылым өкілдері ел конституциясына түсік жасатуды енгізу символдық шара екенін, өйткені әйелдің өтініші бойынша түсік жасату мүмкіндігіне Франция заңы кепілдік бергенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Франция парламентінің жоғарғы палатасы - сенат әйелдердің түсік жасату құқығын ел конституциясында бекітуді қолдағанын, басым дауыс жинағанын хабарлаған едік.

Францияда түсік жасату құқығы конституцияда бекітілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.