jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Тоқаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Путин
Фото/архив: ru.sputnik.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресейдегі президент сайлауында айқын жеңіске жетіп, қайта президент атануымен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті", – делінген Ақорда хабарында.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысын жариялаған едік. Ол бойынша

  • Путин – 87,33 пайыз;
  • Харитонов – 4,31 пайыз;
  • Даванков – 3,79 пайыз;
  • Слуцкий – 3,19 пайыз дауыс жинаған.

15 наурызда Ресей Федерациясында президент сайлауында дауыс беру басталды, сол күні шығыс аймақтарда, одан кейін республика бойынша сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беру үш күнге созылды.

Сайлауда дауыс беруден Алматы мен Астанада тұрып жатқан ресейліктер де қалыс қалған жоқ. Кеше Қазақстанның екі ірі қаласында ұзын-сонар кезек пайда болды. Халық кезекте бір жарым-екі сағат тұрып дауыс берген.

Тоқаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.