Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крокус Сити Холлдағы теракт": қаза болғандар саны артты

Жарияланған күні:

"Крокус Сити Холл" кешені терактіден кейін
"Крокус Сити Холл" кешені терактіден кейін. Фото: Мәскеу облысы губернаторының баспасөз қызметі

Ресейдегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден көз жұмғандар саны артты. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин қатысқан кеңесте Александр Бастрыкин 22 наурыздағы лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза болғандар саны 139 адамға жеткенін мәлімдеді. Бұған дейін 137 адамның құрбан болғаны хабарланған еді.

Ресей тергеу комитеті басшысының айтуынша, оқ жарақаты салдарынан 40 адамның, оқ және пышақ жарақаты салдарынан екі адамың, өрт салдарынан 45 адамның қаза болғаны анықталған.

Ресми дерек бойынша қазіргі уақытта теракті салдарынан зардап шеккен 97 адам ауруханада жатыр. Жалпы терактіден 182 адам зардап шеккен.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді. Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт лаңкестің ұсталғанын хабарлады. Кейін оларға бұлтартпау шарасы таңдалды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан терактіні қатаң айыптайтынын мәлімдеп, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.

Сондай-ақ мемлекет басшысы теракт салдарынан 100-ден аса адамның қаза тапқанына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2073126-krokus-siti-xolldagy-terakt-qaza-bolgandar-sany-tagy-artty/