Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі лаңкестік бойынша сегізінші айыпталушы сотқа жеткізілді (фото, видео)

Опубликовано:

Алишер Касимов
Алишер Касимов. Фото: t.me/moscowcourts

Мәскеу сотында "Крокус Сити Холл" сауда орталығында болған терактіге қатысы бар делінген тағы бір айыпталушыға байланысты материалдар сотқа түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәскеу сотының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәскеудегі Басманный аудандық соты алдағы күндері Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу органдарының өтінішін қарайды", - делінген сот хабарламасында.

Соттың баспасөз қызметі сот залынан түсірілген кадрларды жариялады.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді. Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт адамның ұсталғанын хабарлады.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 139 адамға жеткен, 90-нан астам адам ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2073447-reseidegi-lankestik-boiynsa-segizinsi-aiyptalusynyn-isi-sotqa-tusti-foto-video/

pixel