Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинді ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Mikhail Metzel/POOL/AFP/Getty Images

Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі ел президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсімі қашан өтетінін айтты. Андрей Клишастың айтуынша, бұл шара 7 мамырда болмақ, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресей президенті Владимир Путиннің инаугурациясы 7 мамырда өтеді.

Бұған дейін ресейлік сенаторлар ПТР (полимеразды тізбек реакциясы – ред. еск.) сынамасынан өтуге тиіс.

"Бізде 7 мамырда (президенттің – ред. еск.) инаугурациясы болады. Сынама туралы ақпарат беріледі. Бұл стандарт процедура. Тек бір рет болмақ. 6-сы болады", - деді Федерация Кеңесінің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс комитетінің басшысы Андрей Клишас.

Еске салайық, Ресейде президент сайлауы үш күн бойы – 15-17 наурыз аралығында өткен болатын. Ресейдегі сайлауда қазіргі президент Владимир Путин жеңіске жетті. Бұл туралы 21 наурызда Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде хабарлаған еді.

Дауыс беру қорытындылары жарияланғаннан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді жеңісімен құттықтаған.

Айта кетейік, Ресей президенті лауазымына Путиннен бөлек мынадай үміткерлер болған:

  • ЛДПР-дан Леонид Слуцкий;
  • Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының атынан депутат Николай Харитонов;
  • "Партия роста" және "Новые люди" партияларының атынан Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2089808-putindi-ulyqtau-rasimi-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel