jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Ресейде "Крокустағы" терактіге қатысы бар деген тағы бір күдікті ұсталды

"Крокус Сити Холл" кешені өрттен кейін
"Крокус Сити Холл" кешені өрттен кейін. Фото: Мәскеу облысы губернаторының баспасөз қызметі

Ресейдің қарулы күштері "Крокустағы" терактіге қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстады. Ол да Тәжікстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы РБК журналистеріне РФ ІІМ жақын дереккөздері хабарлаған. Ақпарат бойынша, ресейлік қарулы күштер Тәжікстан азаматы Курбонов Джумохон Бегиджоновичті ұстаған.

Сондай-ақ ақпаратты аумақтық полиция бөліміндегі дереккөз де растаған. Құрықталған тұрғын Пархар қаласының 2003 жылғы тумасы болып шықты. Оған РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы (Адамды қасақана өлімге ұшыратқан террористік акт жасау) бойынша айып тағылды.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстаған болатын.

Желіде Мәскеудегі террорлық шабуылды Тәжікстан азаматтары жасаған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Кейінгі мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 144 адам көз жұмып, тағы 551 адам зардап шеккен.

БАҚ: Ресейде "Крокустағы" терактіге қатысы бар деген тағы бір күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.