Макрон Украинаға әскер жіберуге себеп болатын екі шартты атады
Опубликовано:
Читать на русском
Франция президенті Эмманюэль Макрон батыс Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармау керек екенін айтты. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Франция президенті Эмманюэль Макрон батыс әскерлерін Украинаға жіберу шарты ретінде майдан шебінің бұзылуы мен Киевтің тиісті өтініші қарастырылатынын мәлімдеді.
"Егер ресейліктер майдан шебін бұзып өтсе, Украинадан өтініш түссе, біз заңды негізде әскер жіберу туралы ойланатын едік", - деді ол.
Макрон батыстағы одақтастар мұндай сценарийді жоққа шығармауы керек екенін, өйткені бұл ЕО беделі мен қауіпсіздігінің "негізгі шарты" екенін айтты.
Франция президенті басшыларынан тиісті өтініш түскен кезде елі Африка елдеріне көмектесуге әскер жібергенін мысалға келтірді.
Айта кетейік, ақпанда Эммануэль Макрон Украинаны алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар мен оқ-дәрілермен қамтамасыз ететін жаңа коалиция құрылатынын мәлімдеген болатын.
- Байден Украина мен Израильге әскери көмек бөлуді көздейтін заңға қол қойды
- "Құжат дайындаймыз": Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізілуі мүмкін екенін айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2094932-makron-ukrainaga-asker-zhiberuge-sebep-bolatyn-eki-shartty-atady/