Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда жүк көлігі балаларды қағып кетті: 6 шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

Опубликовано:

Балаларды қағып кеткен жүк көлігі
Балаларды қағып кеткен жүк көлігі: t.me/news24kg

Қырғызстанда ТЖ тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2 мамырда Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында өткен "Урааным Манас" мәдени іс-шарасы кезінде болған оқиғаның мән-жайын тексерудің нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоаралық комиссияның қорытындысына сәйкес, бұл шараны ұйымдастырушылар қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолданбаған.

Хабарламада айтылғандай, өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамаған облыстық, аудандық ішкі істер органдарының басшылары жұмыстан шығуы мүмкін.

"Білім беру мекемелерінің жауапты тұлғалары аудандық және облыстық әкімшіліктермен өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды тиісінше жүзеге асырмағаны анықталды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларына "Урааным Манас" байқауын өткізудің нақты күні хабарланбаған.

Іс-шараны ұйымдастыру мәселелері 1 мамырдан 5 мамырға дейінгі күндердің демалыс деп жариялануымен қиындаған. Сонымен қатар Созақ ауданының аудандық мемлекеттік әкімдігіне акцияны өткізу күні туралы шешім телефонмен айтылған", - делінген хабарламада.

Іс-шараға ауданның 18 мектебінің 2878 оқушысы мен 341 мұғалімі қатысқанына қарамастан, жол қозғалысы қауіпсіздігін тек сол бөлімшенің екі инспекторы жүзеге асырған.

"Оқиғаның мән-жайларын тергеу қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссия тәртіптік жаза жариялауды, сондай-ақ тиісті министрліктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен қызметкерлерін атқаратын лауазымдарынан босатуды ұсынды.

21 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде атқарып отырған лауазымынан босатуға 6 лауазымды тұлға ұсынылды", - делінген Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамырда Қырғызстанда мерекелік шара кезінде шағын жүк көлігі 29 баланы қағып кеткені белгілі болды.

Кейін Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің жағдайын және олардың жалпы саны 32 адам екенін айтты.

Сондай-ақ жүк көлігі жүргізушісінің ұсталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2100365-qyrgyzstanda-zhuk-koligi-birneshe-balalardy-qagyp-ketti-6-sheneunik-qyzmetinen-aiyryluy-mumkin/