Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словакия премьер-министріне қастандық жасаған адам өз әрекетін түсіндірді

Жарияланған күні:

Роберт Фицо. Словакия премьер-министрі
Роберт Фицо. Фото: Kenzo Tribouillard / AFP via Getty Images

Словакия министрлер кабинетінің басшысы Роберт Фицоға шабуыл жасады деген күдікті тергеліп отыр. Күдікті ел үкіметінің саяси шешімдерімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның словакиялық БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, ер адам премьер-министрге шабуылын бір ай бұрын жоспарлаған. Оған неліктен премьердің өміріне қастандық жасады деген сұрақ қойылған. Күдікті министрлер кабинетінің саясатымен келіспейтінін айтты.

"Мен үкіметтің саясатымен келіспеймін. БАҚ жойылып жатыр, неліктен RTVS-ті құрықтап жатыр?" - деді ұсталған адам.

Айта кетейік, өткен айдың аяғында Словакияның министрлер кабинетінде Словакия радиосы мен теледидарын (RTVS) Словакия телерадиосына (STVR) ауыстыру туралы заң мақұлданған. Басылым мәліметіне сүйенсек, осылайша БАҚ министрлер кабинеті қоғамдық телерадио хабарларын таратуды бақылауға алмақ.

Заң жобасын қарауға байланысты Словакияда "Дамушы Словакия" (PS) либералдық партиясы ұйымдастырған бірқатар наразылық акциясы өткен.

"Егер Фицо RTVS-ті бақылауға алса, бұл құлдыққа әкеп соғады. Біз бұған жол бере алмаймыз, бұл біздің еркіндік үшін ортақ күресіміз", - деді партия жетекшісі Михал Шимечка.

БАҚ ақпараты бойынша, шабуыл жасаған Левицаның 71 жастағы тумасы, жазушы Юрадж Цинтула. Ол бұрын жеке күзет компаниясында жұмыс істеген.

Басылым тілшісі оның ұлымен сұхбаттасып, оған жазушының Фицо бастаған SMER партиясына деген көзқарасы қандай деген сұрақ қойған. Жазушы бұл фракцияға дауыс бермегенін айтқан.

Сондай-ақ, РИА Новости мәліметіне сәйкес, қазір Фицоның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Словакия премьер-министрінің орынбасары, қоршаған ортаны қорғау министрі Томаш Тараба журналистерге оның жағдайын баяндады.

"Менің ойымша, ол әйтеуір аман қалады, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жазды словакиялық БАҚ Томаш Тарабаның сөзін келтіріп.

Еске салайық, кеше Словакияның премьер-министрі Фицоға министрлер кабинетінің отырысы кезінде атыс шығып, салдарынан жараланған болатын – Фицо ел алдына шыққанда оған оқ тиген. Ел полицейлері шабуыл жасаған адамды ұстады.

Словакия қорғаныс министрі саясаткер ауыр халде ауруханаға түскенін хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия үкіметінің басшысына жасалған қастандық туралы пікір білдірді. Ол "мүлдем ақтауға болмайтын лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын және қабылдамайтынын" мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2101424-slovakiia-premer-ministrining-omirine-qastandyq-zhasagan-adam-oz-areketin-tusindirdi/