Дональд Трамп өзіне жасалған қастандықтан кейін алғаш рет ел алдына шықты
Жарияланған күні:

Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет таңылған құлағымен көпшілік алдына шықты. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Дональд Трамп қастандықтан кейін Милуокиде Республикалық партияның съезіне делегаттармен бірге сахнаға шықты. Бұл туралы ресейлік басылым батыстың бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Жиналғандар Трампты "Күрес, күрес, күрес" деп ұрандатып қарсы алғаны атап өтілді. Басылымның хабарлауынша, Трамп өзіне қастандық жасалған күні оқ атылған соң осы сөзді айтқан. Америкалық саясаткер делегаттарды қарсы алып, алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.
Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.
Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.
Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.
Сондай-ақ ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2134587-donald-tramp-ozine-zhasalgan-qastandyqtan-keiin-algash-ret-el-aldyna-shyqty/