jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды

Армения туын ұстаған бітімгерлер
Армения туын ұстаған бітімгерлер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Армения ҰҚШҰ-ның кезекті оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты. Ұйымның және "Өзара іс-қимыл – 2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Армения әскери қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.

Ұйым сайтындағы мәлімет бойынша оқу-жаттығуларға мына контингенттер қатысатыны айтылған:

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері;
  • Беларусь Республикасының,
  • Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрліктері;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы және Ресейдің ұлттық гврдиясы;
  • Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының арнайы қызметтерінің өкілдері;
  • Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
  • ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының жедел топтары.

Армения тарапы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарлады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы қаңтарда Арменияда ҰҚШҰ жаттығулары тоқтатылды.

Былтыр қарашада Минскте ҰҚШҰ саммиті өтті, оған Армения өкілдеріқатыспады. Бас хатшы Иманғали Тасмағамбетов Арменияның ұйымнан шығу ниеті жоқ екенін айтқан болатын.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз телеарнасына берген сұқбатында елінің ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтата тұратынын айтқанын жазған едік.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады әрі оны біз назардан тыс қалдыра алмадық. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтата тұрдық. Енді не болатынын көреміз", - деген сұқбатта Пашинян.

Пашинян егер ұйым өз міндеттемелерін орындамаса, ҰҚШҰ-ға мүшелігін заңды түрде тоқтатанын ескерткен.

Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.