Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Telegram Дуров ұсталғаннан кейін саясатын өзгертті

Жарияланған күні:

Telegram
Telegram. Фото: Carl Court/Getty Images

Бұған дейін Telegram-дағы чаттар жеке деп есептеліп, мұндағы шағымдар қарастырылмайтын. Енді құқыққа қайшы контент туралы модераторларға шағымдануға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "РБК" басылымына сілтеме жасап.

Енді Telegram-да чаттар мен жеке топтардағы "заңсыз контент" туралы модераторларға хабарлауға болады. Бұл туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімінде жазылған..

Бұған дейін ол жерде "Telegram-ның барлық чаттары мен топтық чаттары жеке боп есептеледі және мессенджер әкімшілігі олармен байланысты ешқандай сұрауларды қарастырмайды" деп жазылатын.

"Енді бұл бөлімде "Telegram-ның барлық бөлімінде "шағымдану" батырмалары бар, осы арқылы заңсыз контент туралы модераторларға хабарлауға болады. Ол үшін хабарламаны басып тұру қажет, сонда пайда болатын мәзірде осы батырма болу керек", - делінген хабарда.

Telegram саясатына жаңартулар 24 сағаттан аз уақыт бұрын енгізілген. 5 қыркүйекте мұндай өзгерістер болмаған.

"Француз билігінің Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа мессенджердің ішкі модерация саясатына байланысты талаптары бар. Франция мессенджердің есірткі саудасы, бала порнографиясына әсер етіп, басқа да мәселе бойынша билікпен өзара келіспегенін мәлімдеді.

Мессенджердегі қауіпсіздік шарасына қатысты Оңтүстік Корея билігі де риза емес. Олар жеке топтарда порно суреттердің таралуын тергеп жатыр. Оңтүстік Корея полициясы алдын ала тергеуді бастап кетті. Себебі олардың сөзінше, Telegram контентті таратқан аккаунттар туралы ақпараттарды ашпаған", - делінген жарияланымда.

Бұған дейін Павел Дуров Франция әуежайында ұсталғаннан кейін алғаш рет байланысқа шығып, өз арнасына жазба жариялаған болатын.

Дуровтың Францияда қамауға алынуы

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда қамауға алынды.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-ның негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.

Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "саяси шешім емес" екенін мәлімдеді.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін мәлімдеді.

Ал 28 тамызда бірнеше БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде сотқа жеткізіліп, ғимарат сыртына арнайы қоршау қойылды деген ақпарат таратты.

Кейін сотта Павел Дуровты судья 5 миллион еуро кепілге босатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2158165-telegram-durov-ustalgannan-keiin-saiasatyn-ozgertti/