Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Харристі жеңілген боксшыға теңеп, жаңа дебат өткізуден бас тартты

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Leon Neal/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті, республикашылар атынан мемлекет басшысына кандидат Дональд Трамп Камала Харриспен жаңа дебаттар раундын өткізуден бас тартты.

Жаңа раунд өткізгісі келмейтінін Трамп әлеуметтік желілерде жазды. Оның жазбасын РБК келтіріп отыр. "Боксшы жекпе-жекте ұтылғанда, оның алғашқы сөздері: "Мен реванш алғым келеді" болады. Камала кейінгі төрт жыл ішінде не істеу керек болғанына назар аударуы керек. Үшінші дебат болмайды", - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар Харрис Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында тағы бір рет дебат өткізу керегін жазған болатын.

"Екі күн бұрын біз Дональд Трамппен алғашқы дебатты өткіздік. Сайлаушылар үшін тағы бір дебатты өткізуге міндеттіміз", - деп есептейді АҚШ-тың вице-президенті.

CNN және SSRS сауалнамасының нәтижелері бойынша, тіркелген сайлаушылардың 63 пайызы Харрис жеңді деп мәлімдеді.

Reuters пен Ipsos компаниясының 12 қыркүйекте жариялаған сауалнамасына сәйкес, 47 пайыз респондент Харриске дауыс беруге дайын, ал Трампқа – 42 пайыз. The New York Times және Siena College өткізген алдын ала сауалнамада республикашылардың аздаған басымдығы байқалған – 48 пайыз және сәйкесінше 47 пайыз.

Еске сала кетейік, АҚШ президенттігіне кандидаттар Дональд Трамп пен Камала Харристің теледебаты 10 қыркүйекте кешке ABC News тікелей эфирінде өтті. Дебаттар сайлауға екі айдан аз уақыт қалғанда өтті. Кандидаттар бір-бірін өтірік айттың деп айыптап, экономикадағы мәселелер, Украинадағы соғыс, аборт мәселесі, заңсыз миграция, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс және басқа да тақырыптар туралы пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2160942-tramp-harristi-zhengilgen-boksshyga-tengep-zhanga-debat-otkizuden-bas-tartty/