jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Су жануары АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын анықтап берді

Су сиыры
Су сиыры. Фото: 24.kz

Таиландта Му-Денг есімді ергежейлі су сиыры АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын болжады. Бұл туралы 24.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, хайуанаттар бағының қызметкерлері Муденгке екі кандидаттың есімі жазылған қарбыз берген.

Су сиыры соның ішінен республикашыл Дональ Трамптың есімі жазылған қарбызды таңдаған.

Таиландтағы бұл жануар әлемге тамыздың соңында танылған. Оның суреттері әлеуметтік желілерге тарап, 6 миллионға жуық қаралым жинаған.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланады.

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін хабарлаған едік.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды
Су жануары АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын анықтап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.