RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Трамптың ұлы АҚШ-тағы президент сайлауында алғаш рет дауыс берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп пен оның ұлы Бэрон Трамп
Дональд Трамп пен оның ұлы Бэрон Трамп. Фото: Eric BARADAT / AFP) (Photo by ERIC BARADAT/AFP via Getty Images

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың ұлы Бэррон сайлауда алғаш рет дауыс берді. Биыл ол 18 жасқа толды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамптың әйелі Мелания X әлеуметтік желідегі парақшасында дауыс беру учаскесінде түскен суреттерін бөлісті.

"Алғаш рет әкесіне дауыс берді", - деп жазды Мелания. Мелания фотоға #18 жас, #президентсайлауы және #мақтаныш деген хэштегтерін қосқан.

Айта кетейік, Мелания күйеуі Дональд Трамппен бірге кеше Флоридада дауыс берді. Дауыс берген кейін президенттікке үміткер Трамп журналистер алдында сөз сөйлеп, жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.

Оның қарсыласы Камала Харрис бірнеше күн бұрын пошта арқылы бюллетень жіберіп, дауыс берді. Ал қазіргі АҚШ президенті Джо Байден дауыс беру үшін 37 минут кезекте тұрған.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін хабарлаған едік.

Кейін АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2183651-tramptyng-uly-aqsh-tagy-prezident-sailauynda-algash-ret-dauys-berdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif