jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қырғыз үкіметі жаңа жылға орай жеті күн демалуды ұсынды

Шырша ойыншығы. Көрнекі сурет
Шырша ойыншығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қырғызстан Еңбек министрлігі 2025 жылғы 1-7 қаңтар аралығын демалыс күн деп жариялауды ұсынып, құжат жобасын қоғам талқылауына ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kabar.kg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Министрлік қаулысы мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне 1 қаңтардан бастап 7 қаңтарға дейін демалыс беруді қарастырады.

Ұсыныс демалыс және мереке күндерін тиімді пайдалану мақсатында дайындалған.

Қаулы жобасын қабылдау үшін басқа да заңнамаларға өзгеріс енгізу қажет емес.

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 2025 жылғы 1 және 2 қаңтарда демалып, 3 қаңтар жұмысқа шығады.

Еске салсақ, биыл сәуірде Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға қатысуға тыйым салған болатын.

Жапаровтың айтуынша, ел президентінің барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Қырғыз үкіметі жаңа жылға орай жеті күн демалуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.