jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Зеленский Украина қандай жағдайда жеңілуі мүмкін екенін айтты

Украина президент3 Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұқбатында АҚШ-тың Киевке қолдау көрсетуді тоқтатуы Украинаның соғыста жеңілуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Зеленскийдің сөзінше, Украинаның өзінің өндірістік қуаты бар, алайда АҚШ Киевке көмектесуін тоқтатса, ол жетпеуі мүмкін.

"Егер Америка Құрама Штаттары көмекті қысқартса, біз жеңілеміз деп ойлаймын, әрине, бізде өз өндірісіміз бар, бірақ бұл жеңіске жету үшін жеткіліксіз", - деді Зеленский.

Сұқбат барысында Зеленский журналистің "Трамп Путинді соғысты тоқтатуға көндіре ала ма?" деген сауалына да жауап берді.

"Оны көндіру оңай шаруа емес, бірақ АҚШ өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланса, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Путиннен әлдеқайда күшті Америка Құрама Штаттарының ықпалы зор", - деп есептейді Украина басшысы.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
Зеленский Украина қандай жағдайда жеңілуі мүмкін екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.