jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

АҚШ пен тағы үш ел Киевтегі елшілігін уақытша жапқанын мәлімдеді

АҚШ-тың Киевтегі елшілігі
АҚШ-тың Украина астанасындағы елшілігі. Фото: Джон Мур/Getty Images

АҚШ-тың Киевтегі елшілі 2022 жылғы ақпанда Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері алғаш рет жұмыс істемеді. CNN телеарнасы елшіліктің уақытша жабылуын "соғыстың шиеленіскенінің айқын көрінісі" деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құрама Штаттардың Украина астанасындағы елшілігінің мәлімдеуінше, дипломатиялық мекеме "қауіпті әуе шабуылы туралы нақты мәлімет" алуына байланысты бейсенбі күні жұмыс істемейді.

Сонымен бірге, бүгін НАТО-ға мүше үш ел – Грекия, Италия және Испания Киевтегі елшілігін уақытша жапты.

Грекия елшілігінің CNN-ге хабарлауынша, елшілік сәрсенбі күні "қауіпсіздік мақсатында" жабық тұрады. Испания елшілі де Киевке әуе шабуылы жасалуы мүмкін деген ақпарат түскеннен кейін жабылғанын мәлімдеді. Италия елшілігі де дәл осындай себеппен азаматтарға қызмет көрсетуін тоқтатқан, бірақ елшіліктің өзі жұмыс істеп тұр.

Бейсенбі күні Қазақстанның Киевтегі елшілігі әуе шабуылдарының жиілеуіне байланысты мәлімдеме таратып, қазақстандықтарға осы елден кетуге кеңес берді.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Ресей әуе күштері кейінгі екі ай бойы Киевті қайта-қайта атқылап жатыр. Сәрсенбіге қараған түні Киевте қауіп дабылы бірнеше мәрте және таңертең қосылды. Украина қарулы күштері Ресей ел аумағын жүзден аса дронмен, С-300 және Х-59/69 зымырандарымен атқылағанын хабарлады.

17 қараша АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қашыққа ұшатын зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат бергені туралы хабар тарады. Ал 19 қарашада Украина Ресей аумағын АҚШ-тың ATACMS зымырандарымен атқылағаны жөнінде мәлімет тарады.

Байден әкімшілігі Киевке қару қолдануға рұқсат бергелі бері Ресей АҚШ пен НАТО осы соғысқа толық тартылады деп қоқан-лоқы көрсетіп отыр. АҚШ-тың Украинадағы соғысқа қатысты ескертпелері осы уақытқа дейін рас болып келді, сол себепті дипломатиялық нысанның күтпеген жерден жабылуы – соғыстың шиеленісіп бара жатқанының айқын белгісі, деп жазды CNN.

АҚШ пен тағы үш ел Киевтегі елшілігін уақытша жапқанын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.