jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстан ҰҚМК басшысы президент Жапаровқа қастандық жасамақ болғандар туралы айтты

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: president.kg

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиев кейінгі төрт жылда президент Садыр Жапаровқа екі мәрте қастандық жасамақ болғандар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ kabar.kg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің айтуынша, осы уақыт аралығында оның өзіне де 5-6 мәрте қастандық жасамақ болғандардың әрекеті жүзеге аспай қалды.

"Мен жүріп өтетін жолды да жармақ болған. Арнайы қызмет пен милицияның қырағылығы олардың жоспарына кедергі келтірді", - дейді Тәшиев.

Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын ол қоқан-лоқы материалдары жүктелген "флешка" алған.

"Президент оның ішіндегі мәліметтерді халық білуге тиіс деп айтты. Маған, президентке немесе біздің отбасымызға бірдеңе бола қалса, осы мәліметті бәрі білуі тиіс", - деді арнайы қызмет басшысы.

Мемлекеттік комитет төрағасы оны шетел арнайы қызметтері мен әлдебір олигархтар жолдаған болуы керек деп топшылайды.

"Ұсынған миллиондарыңды алмадым. Елге келе алмадыңдар. Қылмыскерлерге де, олигархтарға де мұнда орын жоқ. Осы жағдай сендерді қатты ашуландырды. Маған қастандық ойласаңдар, ондай пиғылдарың өз бастарыңа келеді. Сендер маған қастық жасауларың мүмкін. Бірақ мен алған бетімнен қайтпаймын", - деп мәлімдеген Тәшиев.

12 қарашада Қырғызстан ІІМ билікті күшпен басып алуға талпынғандардың жолы кесілді деп хабарлаған.

Қырғызстан ҰҚМК басшысы президент Жапаровқа қастандық жасамақ болғандар туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.