Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Шабуыл қаупіне байланысты Украина парламентінің жұмадағы отырысы кейінге қалды

Жарияланған күні:

Жоғарғы Рада ғимараты
Жоғарғы Рада ғимараты. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Жоғарғы раданың жұмадағы отырысы шабуыл қаупіне байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Украiнска правда" мәліметінше, депутаттарға Киевтегі үкімет ауданына соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен. "РБК-Украiна" дерегінше, парламент аппараты уақытша онлайн-форматқа көшірілген.

Парламент отырысының өтпейтінін Рада депутаты Алексей Гончаренко Telegram-дағы арнасында растады. Оның айтуынша, парламенттің келесі отырысы желтоқсан айында ғана өтеді.

Бір күн бұрын Ресей армиясы Украина аумағын жаңа баллистикалық "Орешник" зымыранымен атқылаған.

Жұмаға қараған түні Украинаның Сумы облысына әуеден соққы жасалып, шабуылдан екі адам қаза тапты, 12 адам жараланды. Аймақ әкімшілігі "шахедтер" облыс орталығының тұрғын ауданына түскенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2191163-shabuyl-qaupine-bailanysty-ukraina-parlamentining-zhumadagy-otyrysy-keiinge-qaldyryldy/