Зектілері

"Біз бәріне дайынбыз": Лавров "Орешник" зымыраны батысқа жасалған ескерту екенін айтты

Жарияланған күні:

Сергей Лавров
Сергей Лавров. Фото: akorda.kz

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында "Орешник" зымыраны жөнінде сөз қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБК" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұқбат барысында Лавров батыс елдерін гегемонияны сақтап қалуға ұмтылып, Украинаны "барлық табиғи және адам ресурсын сатуға дайын режимге" айналдырды деп айыптады.

"Линдсей Грэм Владимир Зеленскийдің көзінше Украина сирек кездесетін металдарға бай екенін атап өтті. Мұндай байлықты ресейліктерге қалдыруға болмайтынын меңзеп, оны өздері алуы керек деп санайды", - деді Ресей министрі.

Мәскеу, деп сендірді Лавров, қауіпсіздік саласындағы өзінің заңды мүдделері үшін, "ата-бабалары ғасырлар бойы игерген, қалалар мен зауыттар салған" жерлерде тұратын халық үшін күреседі.

"Біз Америка Құрама Штаттары сияқты пайдалы қазбалардың үстінде отырған украиналықтарды құл қылып, бар табиғи байлықты тартып алуды емес, адамдарды ойлаймыз", - деді ресейлік министр.

Сондай-ақ ол "Орешник" гипер дыбысты баллистикалық зымыранын қолдану арқылы батысқа ескерту жасалғанын айтты.

"Осы гипердыбыстық жүйені нақты жағдайда сынау арқылы жеткізгіміз келген хабарлама – заңды мүдделерімізді қорғау үшін біз бәріне дайынбыз", - деді Лавров.

Ресей Украинаға соққы жасау кезінде орташа қашықтыққа ұшатын жаңа "Орешник" қаруын қолданғаны туралы алғыш Путиннің 21 қараша күні шыққан видеоүндеуінен белгілі болды. Әскери-өнеркәсіп нысанына жасалған соққы оны жойды.

Жақында Астанада Владимир Путин "Орешник" жүйесі жайлы егжей-тегжейлі баяндап, әскерилердің бұл қаруды жаңа ықтимал шабуылдарда қандай мақсаттарға қолданатынын түсіндірген еді. Зеленский бұл мәлімдемені "зымыран жарнамасы" әрі "өлтіру мен жоюға дайындықтың белгісі" деп атағанын еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2196915-biz-barine-daiynbyz-lavrov-oreshnik-zymyranyn-batysqa-zhasalgan-eskertu-dep-atady/