jitsu gif

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау бойынша дауыс беру күнін белгіледі

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: South Korean Presidential Office via Getty Images

Оңтүстік Кореяның оппозициялық партиясы президент Юн Сок Ёл елде әскери жағдай енгізу әрекеті сәтсіз болған соң оған импичмент жариялау ісін бастады. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, импичмент туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін дауыс беру өткізілуге тиіс және ол сенбіге дейін аяқталуы қажет.

Импичмент жариялау туралы заң жобасын қабылдау үшін оппозицияға билеуші партияның 108 депутатының кем дегенде сегізінің қолдауы қажет. Алайда ұсыныс жарияланған күні билеуші партияның бірде-бір депутаты қатыспаған.

Егер импичмент туралы заң жобасы қабылданса, Оңтүстік Кореяның ұлттық ассамблеясының 300 мүшесінің үштен екісі – кемінде 200 депутат – импичментті қолдап дауыс беруге тиіс. Дауыс беру 72 сағат ішінде өткізілуі керек.

Импичмент мақұлданған жағдайда, президент қызметінен уақытша босатылады, ал премьер-министр оның міндетін атқарушы ретінде тағайындалады.

Президентке қатысты түпкілікті шешім қабылдау үшін іс Конституциялық сотқа жіберіледі. Бұл процесс 180 күнге дейін созылуы мүмкін. Конституциялық соттың тоғыз судьясының алтауы импичментті қолдаса, президент қызметінен ресми түрде шеттетіледі.

Сәрсенбі күні таңертең Сеулдің жүз шақты тұрғыны Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына жиналып, президент Юн Сок Ёльдің қызметтен кетуін талап еткенін еске саламыз. Оппозиядағы депутаттар президент тез арада биліктен кетпесе, импичмент жариялайтынын қатаң ескертті.

Көп ұзамай Оңтүстік Кореядағы алты бірдей оппозиялық партия президент Юн Сок Ёльге қарсы импичмент жариялауды көздейтін заң жобасын ұсынғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Оңтүстік Корея полициясы бейсенбі күні ел президенті Юн Сок Ельге қатысты тергеу жүргізе бастағанын еске саламыз.

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау бойынша дауыс беру күнін белгіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.