Зектілері

Time журналы Трампты "Жыл адамы" деп жариялады (фото)

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: instagram.com/RealDonaldTrump

Time журналы АҚШ-тың жақында ғана сайланған президенті Дональд Трампты "Жыл адамы" деп жариялады. Трамп бұл атаққа екінші рет ие болып отыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Биыл Трамп америкалық вице-президент әрі мемлекет басшысына демократиялық партиядан үміткер болған Камала Харристі, сондай-ақ әлемдегі ең бай адам, Tesla мен SpaceX бас директоры Илон Маскты басып озды.

Time өз материалында оны "Жер бетіндегі ең құдіретті адам" деп атаған.

Трамптың Time журналы таңдауымен "Жыл адамы" атануы мүмкін екенін Politico дереккөздерге сілтеме жасай отырып, хабарлаған болатын.

Трамп бұл атаққа алғаш рет 2016 жылы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін ие болған. Саясаткердің өзі "Таймды" сынға алды.

Американың Time журналы мен оның оқырмандары 1927 жылдан бері жыл адамын таңдап келеді. Жеңімпаздың суреті желтоқсан айындағы нөмірдің мұқабасында жарияланады. Бұл атаққа бірінші болып Атлант мұхитын жалғыз өзі басып өткен америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг ие болды.

2021 жылы Time миллиардер Илон Маскты "жыл адамы" деп атады. 2022 жылы бұл атақты Украина президенті Владимир Зеленский және "ел ішінде және сыртында көптеген адам бейнелеген украин рухы" алды. 2023 жылы редакция бұл атақты әнші Тейлор Свифтке берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2199774-time-zhurnaly-trampty-zhyl-adamy-dep-zhariialady/