Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ақылбек Жапаровты неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Ақылбек Жапаровты неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жогорку Кенеш отырысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Ақылбек Жапаровты неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді.
Оның айтуынша, бұл шара Салық қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарау кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылданған.
"Салық жүйесіндегі келеңсіз көріністер бізді қатты алаңдатты, бұл сала Ақылбек Үсенбекұлының бақылауында болды, соған сәйкес оны қызметінен босатуға мәжбүр болдым. Мүдделер қақтығысын жою бойынша Мемлекеттік салық қызметінің басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді Садыр Жапаров.
Еске салсақ, 16 желтоқсанда Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметінен кетті.
Осыдан кейін Садыр Жапаров Адылбек Қасымалиевті министрлер кабинеті төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.
Бүгін, 18 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Адылбек Қасымалиевті елдің министрлер кабинетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды
Айта кетейік, Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Адылбек Қасымалиев бұған дейін ел президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген, кейін оның міндетін атқарушы болған. Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін де атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201898-sadyr-zhaparov-aqylbek-zhaparovty-nelikten-qyzmetinen-bosatqanyn-tusindirdi/