jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: ЕО елдері соғыс аяқталғанда Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылап жатыр

Еуропа елдерінің MILEX24 әскери жаттығулары
Еуропа елдерінің MILEX24 әскери жаттығулары. Фото: Philipp Schulze/picture alliance via Getty Images

Еуропа елдері атысты доғару немесе бейбіт келісім жасалған жағдайда Украинаға бітімгер күштерін жіберу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәліметті Reuters агенттігі екі дереккөз ақпаратына сүйене отырып таратты.

Франция президенті Эммануэль Макрон ұсынысымен басталған келіссөздер қазірдің өзінде осы мәселеде келіспеушілік көп екенін көрсетті, деп жазды агенттік.

Мұндай күш Ресеймен майданда бетпе-бет кездесу қаупін күшейтеді, әрі Украинаға көмек бергеннен кейін қару-жарақ қоры сарқылған еуропалық күштердің үлкен аумаққа шашыратып жібереді. Оның үстіне, еуропалық елдер АҚШ қолдауына әбден үйреніп қалған, бірақ енді АҚШ президенті қызметіне Дональд Трамп кіріседі.

Ал Трамп америкалық әскердің атысты доғаруды қамтамасыз ету ісіне қатыспайтынын айтып, мұндай миссияны Еуропа елдеріне тапсырған. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті 7 желтоқсанда Парижде Макронмен, Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер барысында осылай деген.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Сарапшылар Украинадағы бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін 40 мыңнан бастап 100 мыңға дейін жауынгер керек дегенді алға тартып отыр.

Мәселен, 1990-жылдары Еуропа, АҚШ және басқа да одақтастар Боснияға 60 мыңға жуық, Косовоға 50 мың жауынгер жіберген.

БАҚ: ЕО елдері соғыс аяқталғанда Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.