Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Трамп реалити-шоуының продюсерін лауазымды қызметке тағайындады

Жарияланған күні:

Марк Бернетт пен Дональд Трамп
Марк Бернетт пен Дональд Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзінің The Apprentice реалити-шоуының продюсері Марк Бернетті Ұлыбританиядағы арнайы өкілі қызметіне тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Трамп бұрынғы әріптесін осы қызметке тағайындау "үлкен құрмет" екенін мәлімдеді.

Президенттің арнайы өкілі мен АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі түрлі қызметтер атқарады. Айтқандай, Трамп бұған дейін Лондондағы елші қызметіне сайлау науқанына донор болған миллиардерлердің бірі Уоррен Стивенсті тағайындаған.

Трамптың айтуынша, Бернетт "мүдделері сай келетін салаларда, атап айтқанда, сауда, инвестиция және мәдени байланысты нығайтуға күш салады".

Марк Бернетт - The Apprentice шоуының авторы әрі продюсері. Ол басқа да шоулар түсіріп, осы саладағы жұмысы үшін 13 мәрте "Эмми" сыйлығын алған.

64 жастағы Бернетт Эссексте туып өскен, армияда десент қызметіне борышын өтеген, 1982 жылы 22 жасында АҚШ-қа қоныс аударған.

MGM студиясына жұмысқа тұрып, реалити-шоу өндірісінде ірі тұлғаға айналған.

Бернетт 2015 жылғы желтоқсанда MGM Television президенті атанып, 2022 жылы студияны Amazon компаниясы сатып алғанша басқарған.

Трамп 2008-2015 жылдар аралығында Бернеттің The Apprentice шоуына қатысқан. Сарапшылар саясаткердің АҚШ-та танымал тұлғаға айналуына осы шоудың көмегі тиді деп есептейді.

Бұған дейін Дональд Трамп болашақ командасына тоғыз миллиардерді шақырғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2203373-tramp-realiti-shouynyng-prodiuserine-qyzmet-berdi/