jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

"Ол президент бола алмайды": Трамп миллиардер Маск туралы пікірін айтты

Илон Маск пен Дональд Трамп
Илон Маск пен Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell/Getty Images

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп миллиардер Илан Маск АҚШ президенті бола алмайды, себебі ол басқа елде туған деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NBC News телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Финиксте AmericaFest конференциясына қатысып, билік оның миллиардер одақтасы Илон Маскке өтуі мүмкін деген сыбысты жоққа шығарды.

Трамптың айтуынша, Маск осы жұмысқа қызыққан күннің өзінде, Конституция оған жол бермейді. Құрама Штаттар заңнамасында президент осы елде туған азамат болуы керек екені жазылған.

Илон Маск Оңтүстік Африка Республикасында туған.

"Жоқ, ол президент бола алмайды. Менің сөзіме сеніңіз. Неге ол президент бола алмайтынын білесіз бе? Ол осы елде тумаған", - деп мәлімдеген Дональд Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп өзіне қолдау көрсеткен бай адамдардың көбісін командасына шақырған. Қазірдің өзінде жаңа президент командасында тоғыз миллиардер бар.

"Ол президент бола алмайды": Трамп миллиардер Маск туралы пікірін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.