Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бірер күн бұрын Түркияда келеңсіз жағдайға тап болған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақтаудағы ұшақ апаты
AZAL әуе компаниясының ұшағы. Фото: SOPA Images/Getty Images

Түркияның Yeni Akit газеті кеше Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы бұрын Түркияға қона алмағанын жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Басылым мәліметінше, Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақ 22 желтоқсанда Бакуден Трабзонға ұшқан.

"Радар деректеріне сәйкес, J2804 рейсімен Бакуден Трабзонға ұшып барған ұшақ Трабзон әуежайына қонған кезде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшқыш екінші әрекетінде ұшақты қондырған", - деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оның 42 Әзербайжан, 15 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы болған.

ІІМ қайғылы оқиға бойынша тергеуді бастады. Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Ұшақ апатына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында сенім телефондары іске қосылды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға үкімет өкілдерін жіберді.

26 желтоқсан Әзербайжанда ұшақ апатына байланысты аза тұту күні деп жарияланды.

Бұған дейін Тоқаев Әзербайжан басшысына көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ борттағы жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Кейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапқаны белгілі болды. Еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов брифинг барысында ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы толық мәлімет берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205177-baq-aqtauda-apatqa-ushyragan-ushaq-birer-kun-buryn-turkiiada-kelengsiz-zhagdaiga-tap-bolgan/