Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Telegraph: Дәрігерлер лейкемияға шалдыққан Асма Асадты оқшаулады

Жарияланған күні:

Асма Асад
Асма Асад. Фото: Miguel Medina/AFP via Getty Images

Дәрігерлер Сирияның бұрынғы президентінің әйелі Асма Асад лейкемиямен ауыратынын, оның жағдайы нашар екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegraph басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Израиль билігіне Түркиямен соғысқа дайын болуға кеңес берілді

Газет мәліметінше, Асма Асад лейкемиямен қатты ауырып жатыр, сол себепті дәрігерлер науқас басқа ауру жұқтырып алмас үшін оны оқшаулаған. Асма бөлмесіне ешкімді кіргізбей жатыр.

Басылым дереккөзінің айтуынша, бұған дейін Асманың әкесі Фаваз Ахрас Мәскеуде болып, қызын күткен. Фаваз - кардиолог.

Мәліметтерге қарағанда, Асма биыл мамырдан бері лейкемиядан емделіп жүр. Сол кезде дәрігерлер қатерлі кесел қайта күшейгенін анықтаған. 2019 жылы Асма қатерлі ісік ауруын жеңгені туралы ақпарат тараған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ Сирияда биліктен тайдырылған Башар Асадтың әйелі ажырасуға арыз түсіріп, Мәскеуден Лондонға көшуге рұқсат сұрағанын жазған. Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков осы мәліметті жоққа шығарған.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың әйеліне баспана беруге дайын емес екенін мәлімдеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 қарашада қарулы бүлікшілер Дамаскіге кірген уақытта Башар Асад отбасымен бірге Мәскеуге қашқан. Ресей билігі оларға саяси баспана берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205219-telegraph-darigerler-leikemiiaga-shaldyqqan-asma-asadty-oqshaulady/