jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

ХАМАС Исмаил Ханияның қазасы жөнінде Израиль таратқан ақпаратты жоққа шығарды

Исмаил Хания
Исмаил Хания. Фото: Fazil Abd Erahim/Anadolu Agency via Getty Images

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильдің БАҚ-та қозғалыс жетекшісі Исмаил Ханияның өлімі туралы таратқан мәліметін жалған деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ХАМАС-тың ресми мәлімдемесі ұйымның Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"ХАМАС бүгін сионистік басқыншылардың қозғалыстың саяси бюросының басшысы, шейіт болған жетекшісі Исмаил Ханияның өлімі жайлы таратқан барлық жалған ақпаратын жоққа шығарады", - делінген хабарламада.

Израильдік БАҚ Ханияның қонақүйдегі бөлмесіне алдын ала қойылған бомбаның жарылуы салдарынан қаза тапқанын хабарлаған еді. Алайда ХАМАС бұл деректі жоққа шығарып, басқа мәлімет келтірді.

Ұйымның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иранның барлау органдары мен біріккен қауіпсіздік комитеті жүргізген тергеу нәтижесінде, Ханияның өліміне себеп болған қару – оның ұялы телефонына бағытталған 7 келілік басқарылатын зымыран.

Бұған дейін израильдік БАҚ Хания жатын бөлмесіне алдын ала орнатылған жарылғыш заттан қаза тапқанын жазған.

Бұған дейін Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмғанын жазған болатынбыз. Бұл ақпаратты Ислам революциясы сақшылары корпусы растады.

Көп ұзамай Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац шілде айының соңында Тегеранда палестиналық исламшыл ХАМАС тобының жетекшісі өлімінің артында Израиль тұрғанын алғаш рет растады.

ХАМАС Исмаил Ханияның қазасы жөнінде Израиль таратқан ақпаратты жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.